Мәселе

Қазақстанда интернетті кім бұғаттайды?

  • CC0 / Pexels

    CC0 / Pexels

Бас прокуратура интернет пен әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Үкіметтің 2018 жылғы 28 қазан күні шығарған қаулысы бойынша интернетті әлеуметтік, табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезінде бұғаттауға болады. Ондай құзірет төрт мемлекеттік орган – бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі және қорғаныс министрлігіне берілген.


Бас прокуратураның өкілі Сапарбек Нұрпейісов ондай қаулының бар екенін және интернетті бұғаттау құзіретінің аталған төрт министрлікке берілгенін растады. Оның айтуынша, осы күндері Бас прокуратура тарапынан әлеуметтік желілер мен интернет бұғатталмаған.


"Иә, ондай қаулы бар. Онда төрт мемлекеттік органға тиісті өкілеттіктер берілген. Әрине, бас прокуратура алдымен құзіретті органға жүгінеді. Бірақ біздің тарапымыздан ондай өтініш жасалған жоқ", - деді қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Нұрпейісов арнайы баспасөз мәслихатында.


Айта кетсек, 11 маусымнан бастап Қазақстанда желі қолданушылары әлеуметтік желілер мен WhatsApp, Telegram сияқты мессенджерлерінің бұғатталғанына шағымданды.


 




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.06.2019, 15:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31