Мәселе

Қазақстанда жол ережесін бұзғандарға қатысты лимит белгілеу ұсынылды

  • https://kzl.sud.kz/

    https://kzl.sud.kz/

Сенатор Андрей Лукин жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салаға қатысты ұсыныстарды айтқым келеді, олардың біразы полиция қызметкерлері тарапынан ұсынылған еді. Осы орайда бұл мәселе жеке адамдардың жол ережесін жүйелі түрде бұзғаны үшін жауапкершілік тақырыбына арналып отыр. Олар жыл ішінде үш және одан да көп мәрте ереже бұза отырып, көлік басқарады», - деді А. Лукин елордадағы Полиция департаментінің ұжымымен кездесу барысында.

Депутат қазіргі кезде осы тектес ереже бұзушылықтар үшін бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

«Жол ережесін бұзғаны үшін балл есептеу жүйесін әзірлеп, енгізуге қатысты тиісті ұсыныс жасалуда. Оның ішінде «Сергекпен» тіркелген фактілерді де қамту жағдайы айтылуда», - деді сенатор.

Бұл тұрғыда ол осындай жүйеде жазалау шаралары лимиттен асып кеткенде іске асырылатынын атап өтті. Сөз соңында депутат бұл мәселелерді барлық мүдделі тараптармен және қоғамдастықпен егжей-тегжейлі талқылау керектігін айтты.

 




Көрілген: 602    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 20:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30