Мәселе

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық жүйесі енгізіле бастады

  • Қазақстанда жол қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық жүйесі енгізіле бастады

    Қазақстанда жол қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық жүйесі енгізіле бастады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Дүниежүзілік банктің қолдауымен жол қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық IRAP жүйесін енгізу жобасын іске асыра бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаны швециялық SweRoad компаниясы «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтымен» бірлесіп жүзеге асыруда.

 

Жыл сайын жол апатынан әлемде 1,35 миллион адам қаза табады. Бұл өзекті мәселеге халықаралық деңгейде көп көңіл бөлінуде. Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылда жол апатынан болатын қайғылы оқиғалар санын 2 есеге азайту міндетін қойып отыр.

 

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық IRAP жүйесін енгізу жобасын жүзеге асыру шеңберінде республикалық және қалалық автомобиль жолдарының 6 200 шақырымында бағалау жұмысы жүргізілетін болды. Оны «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның білікті мамандары жүргізеді.

 

«Бағалау жұмысы арнайы қондырғымен жабдықталған автомобиль арқылы жүргізіледі. Мәліметтер 50-ден астам параметр бойынша әр 100 метр сайын жазылып отырады. Жұлдызды рейтинг 5 ұпайлық шкала бойынша жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін бөлек-бөлек беріледі. Жол қозғалысы қатысушыларының барлығы тиісті көңілсіз қалдырылмайтындықтан мұндай инклюзивті шара жүйенің тиімділігін арттырады. Жұлдызды рейтинг анықталғаннан кейін жол-көлік оқиғасы тәуекелдерінің деңгейін төмендетуге бағытталған инвестициялық жоспар жасалады, соған сәйкес кемшіліктер түзетіліп, жетілдіріліп отыруы тиіс», делінген хабарламада.

 

Бұл әдіс тек қауіптілігі жоғары жерлерді анықтап қана қоймай, сонымен қатар барлық жол учаскелерін толық талдауға, апат деңгейі төмен, ең қауіпсіз бөлімді қалай жақсартуға болатындығын бағалауға мүмкіндік береді.

 

Жоба жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында ұлттық сарапшылардың әлеуетін жоғарылатуға, халықаралық деңгейде бағалау шараларын жүргізе алатын мамандардың пулын қалыптастыруға септігін тигізбек. Жоба нәтижесі бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және жоғары оқу орындары базасында IRAP ұлттық білім платформасы құрылады. Сондай-ақ, IRAP-ты енгізу бойынша ұлттық заңнамаға өзгерістерді енгізу жөніндегі ұсыныстар дайындалатын болады.

 

Бағалау жұмыстары тамыз айының басында Алматы облысы мен Алматы қаласында жүргізіле бастады. Аталмыш шаралар қыркүйек және қазан айларында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жалғаспақ.




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 08:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31