Мәселе

Қазақстанда жөтелге қарсы екі дәріні сатуға тыйым салынуы мүмкін

  • Қазақстанда жөтелге қарсы екі дәріні сатуға тыйым салынуы мүмкін

    Қазақстанда жөтелге қарсы екі дәріні сатуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда жөтелге қарсы екі дәрінің сатылымына тыйым салынуы мүмкін. Олардың құрамында фенспирид бар. Бүгінде украиналық «Инспирон» мен түркиялық «Тирфенс» дәрілерінің сатылымы тоқтатылды. Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.


«Инспирон» және «Тирфенс» дәрілері жөтел, ларингит, бронхитті емдеуге, сонымен қатар бронх демікпесін емдеу кезінде қолданылады.


Фармация комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков «Эреспал» дәрісі сатылымнан алынғанын, ал «Инспирон» мен «Тирфенс» дәрілерінің сатылымы қазақстандық дәріханаларда тоқтатылғанын айтты.


Алайда кей дәріханалардан аталған дәрілерді табуға болады. Алайда оларды сату нүктелерінен тәркілеу процесі басталып кетті.


«Кейбірінде бар. Бұл адами фактор. Біреулер естімеген болуы мүмкін. Алайда оларды сатылымнан алу процесі іске асырылып жатыр. Оның үстіне, бүгінде дәрі-дәрмектерді бақылау бойынша пилот дайындалуда», – дейді нұрлыбек Асылбеков.


Комитеттегілер бүгінде аталған дәрілердің қаншасы сатылғанын білмейді. Алайда бұл дәрілерді қабылдауды тоқтатып, дәрігерден кеңес алуды сұрайды.




Көрілген: 2123    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.05.2019, 12:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31