Мәселе

Қазақстанда жыл басынан бері 53 адам суға кеткен

  • сурет ашық дереккөзден

    сурет ашық дереккөзден

Елде 53 адам суға кеткен. Бұл жыл басынан бергі жағдай. Ал шомылу маусымы әлі басталған жоқ.

 

Дегенмен, «аптап ыстықта салқын суға бір сүңгіп шығамын» деп қайтып шыға алмай қалғандар бар. Аптыққан жұрт қауіпсіздікті естен шығарып алып жатады. Өкініштісі сол.

 

Алдағы маусымға дайындық қалай? Жағажайлар қашан ашылады?

 

Әдетте суға түсу маусымы жаздың бірінші күнінен ашық деп жарияланады. Биылда бұл дәстүр бұзылған жоқ. Бірақ маусымды күтпей жағажай жағалағандар көбейген. Аптапта халық суға шомылуға асығатыны рас. Осындай жағдайда суға түскендердің 53-і батып кетті, оның 23-і бала. Бұл суға түсу маусымы басталмай жатып Республика бойынша болған қайғылы оқиғалар.

 

Азамат Құсайынов, қалалық төтенше жағдайлар қызметі азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары:

 

- Шомылу маусымы әлі басталған жоқ. Бізде шомылу маусымы 1-маусымнан басталады. Астана қаласы әкімінің қаулысымен рұқсат етілген үш орын бар. Қалған орындардың барлығында тыйым салынған аймақтарда мас күйінде шомылуға барып түсіп кеткен адамдар бар.

 

Бас қалада 23 суға түсу орны бар. Биыл оның 3-не жұмыс істеуге рұқсат берілді. Қазір бұл жағажайлар ашылу маусымына дайындалып жатыр.

 

Қала ішіндегі жағажайлардың басты қақпалары жабық себебі суға түсу маусымы басталған жоқ. Дегенмен адамдар емін-еркін жағажайға кіріп шығатын құпия қақпаны тауып алған. Одан кез-келген адам сыйып өтіп кете береді. Бұл енді қаншалықты дұрыс?

 

Аймақтардағы ахуал да алаңдатады. Кеше ғана Жамбыл облысында 13 жастағы жасөспірім суға кетті. Ер адам құтқармаққа ұмтылғанмен жеткіншекті аман алып қалу мүмкін болмады.

 

Ал елордалық құтқарушылар биылға маусымға сақадай саймыз деп сендірді. Түсуге болмайтын қауіпті су көздерінің маңына арнайы тақтайша да орнатқан.

 

«Сақтансаң сақтайды» деген бар. Биылғы маусымы басталмай жатып суға сүңгимін деп ажал құшқандардың көрсеткіші тіпті сүреңсіз.

 

Балаңызды бақылаусыз белгіленбеген жерге жібермеңіз. Суға шомылуда өзіңізде абай болыңыз деп мамандар кеңес береді.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 597    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 19:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31