Мәселе

Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам қайтыс болады: Мамандар пластиктің адам өміріне қаупін айтты

  • Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам қайтыс болады: Мамандар пластиктің адам өміріне қаупін айтты

    Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам қайтыс болады: Мамандар пластиктің адам өміріне қаупін айтты

Қазақстанда пластикалық қалдықтармен ластануды зерттеу бойынша ауқымды жобаның басталуы туралы сарапшылардың баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жасыл Арыстан" ҚҚ басқарма төрағасы Гүлнар Ережепова адамның өміріне ауыр зиян келтіріп, адамның көз жұмуына әсер ететін пластиктерге қатысты ақпарат берді.

 "Жыл сайын Қазақстанда 5 миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады, олардың кем дегенде 11-15% -ы пластмассадан тұрады. Демек, әрбір қазақстандық жылына шамамен 42 келі пластиктен жасалған бұйымдарды тастайды. Бұл сандардың барлығы ресми ақпарат көздерінен алынған", - дейді Гүлнар Ережепова.

Сонымен қатар, мамандар пластик, полиэтилен, пластмассаның зиянына тоқталды.

"Кәдімгі полиэтилен пакеті де жанғанда, ауаға 70-ке дейін әртүрлі қосылыстар тарайды, олардың көпшілігі адамға улы болып келеді. Пластмассаны, пластикті, полиэтиленді жағу түтін мен шығарындыларды тудырады, олар денеге енгеннен кейін олар сыртқа шығарылмайды. Олардың жануынан пайда болған канцерогендер ауада жиналып, қатерлі ісік ауруының көбеюіне әкеледі. Айта кетейік, 2019 жылдың соңында Қазақстанда 180 мыңға жуық онкологиялық науқас тіркелген. Әлі тіркелмегендері қаншама, елестете аласыз ба? Сонымен бірге жыл сайын 35 мыңға жуық жаңа жағдай анықталады. Жыл сайын бұл жасырын аурудан 15 мыңға дейін адам қайтыс болады", - дейді "Жасыл Арыстан" ҚК сарапшы-экологы Марина Дробот.




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30