Қазақстанда жылына 1 млн 350-ге жуық адам жол апатынан көз жұмады

29 қазан 2020, 17:15

"Автомагистральдар бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" онлайн баспасөз-конференциясында "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры» Сағынов Замир Садықұлы жол апатыр туралы ақпараттарға тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жол апаттарынан жыл сайын 1 миллион 350-ге жуық адам қайтыс болады. Яғни күніне жол кесірінен 3 жарым мыңнан астам адам қаза табады. Оның үстіне 25 миллион адам жарақаттанады екен", - дейді Сағынов.

 
Сонымен қатар, Сағынов жол апаты көбіне қандай жағайларда орын алатынын түсіндіріп берді. Ауыр жол апаттарына жылдамдықты арттыру себеп болатынын жеткізді ол. 

"Жол-көлік оқиғаларының орын алуына түрлі факторлар ықпал етеді. Бұл ауа-райының жағдайына, жолдардың сапасына байланысты. Алайда, ең бастысы - адам факторы. Өкінішке орай, жүргізушілер өздерінің қателіктері салдарынан қайтыс болады. Мұның бәрі біздің елде көлік жүргізу мәдениеті жоқ деген ойға жетелейді. Біздің елімізде жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі - жылдамдықты арттыру. Статистикаға сүйенсек, елдегі барлық апаттардың 30% -ы дәл жылдамдықтың жоғарылауынан болады.