Мәселе

Қазақстанда карантин күшейтіледі: комиссия шешім қабылдады

  • Қазақстанда карантин күшейтіледі: комиссия шешім қабылдады

    Қазақстанда карантин күшейтіледі: комиссия шешім қабылдады

Коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантинді күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды, деп хабарлады primeminister.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» («Үнді») штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты ведомствоаралық комиссия бірқатар ұсыныс дайындады.

Олар: 

COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу;
КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу;
«Ashyq» жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу;
«Ashyq» жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түлік емес базарларды қосу.
Айта кетейік, үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Асқар Мамин елордада коронавирустың «Дельта» штаммына тән мутацияның анықталуына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды. Себебі осы мутацияның таралу жылдамдығы өте жоғары, тез өршиді және салдары анағұрлым ауыр. 

Нұр-Сұлтан әкімдігі қосымша карантиндік шектеулер енгізу туралы шешім қабылдады. Елордада вирус жұқтырған 54 науқастан қосымша тексеріс үшін сынамалар алынған. Талдау қорытындысы бойынша пациенттердің 56%-інде «Дельта» штаммының ықтималдығы анықталды.




Көрілген: 4313    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 17:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31