Мәселе

Қазақстанда карантинді бірнеше рет бұзған мейрамханаларды жабу жоспарланып отыр

  • Қазақстанда карантинді бірнеше рет бұзған мейрамханаларды жабу жоспарланып отыр

    Қазақстанда карантинді бірнеше рет бұзған мейрамханаларды жабу жоспарланып отыр

Қазақстанда карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін мейрамханаларды жабу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Ғазиз Надуев карантинді бұзушылармен күрес әдістері туралы айтып берді.

 
Ғазиз Надуевтің айтуынша, ведомствоаралық комиссияның отырысында карантин талаптарын бұзған мейрамханалар мен кафелердің иелеріне қатысты заң жобасын әзірлеу бастамасы көтерілген.

"Бұл кейбір аймақтарда отбасылық мерекелер мен басқа да ауқымды іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын кәсіпкерлердің бірнеше рет үйлену тойларын өткізуіне байланысты. Болашақта, егер кәсіпкерлер карантиндік талаптарды бұзып, айыппұл төлеп, тағы да көптеген адамдарды жинаса, мейрамхана сот шешімімен жабылуы мүмкін. Соңғы 20 күнде Маңғыстау облысында карантиндік талаптардың 27 бұзылуы анықталды", - деп атап өтті өңірдің бас санитар дәрігері.

Ғазиз Надуевтің мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде 24 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар 645 рейдтік тексеру жүргізіп, мыңнан астам кәсіпкерлік нысандарды аралады.

"Рейд барысында 108 нысанда бұзушылықтар анықталды. Жалпы сомасы 5 миллион 972 700 теңгеге 57 әкімшілік хаттама толтырылды. 12 жеке кәсіпкерге, 44 жеке тұлғаға және бір заңды тұлғаға қатысты хаттамалар толтырылды", - деді Ғазиз Надуев.




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 09:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30