Мәселе

Қазақстанда "қайда?" деген сұраққа "байға" деп жауап беретін қыздар пайда болды

  • https://ru.depositphotos.com/

    https://ru.depositphotos.com/

Қазақстандық арулар тездетіп күйеуге тиюдің тың әдісін ойлап тапқан тәрізді. Соңғы күндері желіде таксист жігітпен шаңырақ құруға ниет білдірген қыздардың қарасы күрт артқан. Ақ боз ат мінген ханзадасын күте-күте шаршады ма, арулар ақ такси тізгіндеген жүргізушілердің жүрегін жаулауға кірісіпті. Не үшін? Қалай?

 

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 

Сүйем-күйем дегенің де, қалың малды бергенің де, гүлді сыйлағаның, кездесуге шақырғаның керек емес! Иә, таңғалмаңыз. Оң босағада отырып қалған арулар, тұрмысқа шығудың тың тәсілін тапқан тәрізді. Амалсыз.

 

Такси қызметін ұсынатын танымал қосымшаны танысу сайтына айналдырған нәзік жандардан жаңа тренд. Мекен-жайды жайына қалдырып, "қайда?" деген сұраққа "байға" деп жауап қататын болған. Бастаманы қазірдің өзінде мыңдаған бұрымды қостап, таксист жігіттерге ұсыныс тастапты.

 

Алайда, тренд құмар арулардың арасында тұрмыс құрғандар бар ма, жоқ па, ол жағы беймәлім. Өкініштісі, кейбірінің үмітін қосымша да ақтамапты.

 

Дегенмен, арулардың сөзінше, күйеу іздеп жатқан олар жоқ. Көбі "ішім пысып, қайталап көргім келді" деп ақталып жатыр. Алайда білетіндер, әр әзілдің астары бар дейді.

 

Жанар Сейітмағамбет, психолог:

 

- Бір шындықпен айта алмаған айқайын, әзілмен айтып жатады көбі. Мүмкін сондай да бір отырып қалған қыздардың сигналы ма деп те түсінем.

 

Алайда, қалжың екенін қайдам, жігіттер арулардың бұл "сигналын" шын деп қабылдауы да мүмкін. Сондықтан әзілді де абайлап жеткізу керек дейді заңгерлер. Телефон номері мен мекен-жайды желіге ашық жариялау, түбі жақсылыққа апармасы анық деп ескертіп отыр.

 

Ботагөз Алпысбаева, заңгер:

 

- Әр қолданушы түсінуі керек, қандай нәтижеге апаратының бұл іс-әрекеттері. Мүмкін алаяқтарға қолайлы болуы мүмкінсол себептен құқық бұзушылықты болдырмау үшін зорлық-зомбылық әрекеттерін болдырмау үшін осындай әзіл ретінде іс-әрекеттерді ойлап жасау керек.

 

Қызығы, бұған дейін желідегі кез-келген жаңашылдықты жастар батысқа еліктеп жасаған болса, бұл жолғысы отандастырымыздың өз ойынан шыққан бастамасы екен. Бейресми дерекке сүйенсек, елде 700 мың бұрымды оң босағада отырып қалған.

 

 




Көрілген: 3091    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 15:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты
    28 Наурыз, 21:45
    Алматы жабыла ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30