Қазақстанда көліктегі «Z» және «V» белгілеріне қарсылық болып жатыр (ВИДЕО, ФОТО)

01 наурыз 2022, 11:13

Алматыда полицейлер жеңіл автокөліктің артқы терезесіне "Z" әрпін жазу дерегі бойынша тексеріс бастады. Бұл туралы полиция департаменті башысының орынбасары Рустам Абдрахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір бұл дерек бойынша тексеріс бастап, көлік иесінің әрекеті Қазақстан Ресбупликасының заңнамасына сәйкестігін анықтаймыз. Сонымен қатар әріптің көліктің терезесіне не себепті жазылғанын да тексереміз", – деді Рустам Абдрахманов. 


"Қазақстан Украинаға әскер жіберді": Қорғаныс министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Қазақстанда ЛГБТ өкілдеріне жататын азаматтар мерзімді әскери қызметке шақыртыла ма - Қорғаныс министрлігі жауап берді

Айта кетейік, Украинада арнайы операция өткізіп жатқан Ресей әскери техникаларында да дәл осындай "Z" әріпі жазылған еді.  

Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласындағы арнайы техника мен “танк” тұрғындарды шошытқан еді. Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірген әкімдіктегілер қалада оқу-жаттығу өткенін мәлімдеген.