Мәселе

Қазақстанда көпбалалы аналарға арнайы квота бөлінеді

  • Қызылорда әкімдігінің баспасөз қызметінен

    Қызылорда әкімдігінің баспасөз қызметінен

Білім және ғылым министрлігі көпбалалы аналар үшін білім алуға квота бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Министрлік халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында көпбалалы, толық емес, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған аналар үшін білім грантын беру бойынша квота бөлуді көздеп отыр.


"Көпбалалы аналар үшін арнайы квота болады деп жоспарлап отырмыз. Егер олар жоғары білім алу үшін оқуға түскісі келсе, оларға квота бөлуіміз керек. Қазір масылдыққа жол бермеу, жұмысқа тарту жайлы көп айтып жүрміз ғой. Осы тұрғыдан алғанда, бұл маңызды іс-шара деп ойлаймыз", - деді Аймағамбетов мәжілісте "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстыру кезінде.


Айтуынша, квота бөлу кезінде конкурстық іріктеу қағидаты сақталады. Бұдан бөлек, министр бала құқықтарын қорғау тетіктеріне де тоқталды. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың азаматтық форумда бала асырап алуға қатысты берген тапсырмасын еске салды.


"Біздің ұсынысымыз агенттіктер жайлы. Енді бала асырап алардың алдында, оны өз қамқорлығына алатын адамдар міндетті түрде тиісті дайындықтан өтуі керек. Өйткені, қазір байқап отырғанымыздай, бала асырап алғаннан кейін, олардың 10-11 пайызы қайтадан қайтып келіп жатады. Бұл өте қиын жағдай. Сондықтан осы институттарды қолдануымыз керек деп санаймыз", - деді ол.


Аймағамбетов бала асырап алу агенттіктерінің халыққа тегін қызмет көрсететінін атап өтті.


 




Көрілген: 1721    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 15:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31