Мәселе

Қазақстанда коронавирус жұқтырған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Қазақстанда коронавирус жұқтырған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда коронавирус жұқтырған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйел санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп және онымен байланысқан азаматтар жайлы мәлімет беруден әдейі бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция басқармасына сілтеме беріп.

«Б. есімді азаматша санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, вирус жұқтырғаннан кейін онымен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартты. Әйелге ҚР ҚК 304-бабы "Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды",- делінді ақпаратта.

Егер әйел кінәлі деп танылса, оған 4000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы, дәл сол мөлшердегі түзету жұмыстары, 1000 сағатқа дейін қоғамдық қызметке тартылу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен бас бостандығын шектеу немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін немесе үш жылға дейін белгілі бір кәсіппен айналысуға шектеу қойылады.

Полиция тұрғындар мен қала қонақтарын короновирустық инфекцияны анықтау және алдын-алуға бағытталған қызметтердің жұмысына барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларды түсіністікпен қарауға шақырады. 




Көрілген: 132    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 08:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31