Мәселе

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырғандар бар ма?

  • Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырғандар бар ма?

    Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырғандар бар ма?

Басқарма басшысы COVID-19-ды қайта жұқтырғандарды емдеуге арналған бөлек хаттама жоқ екенін, ауруды емдеу хаттамасы бәріне бірдей екенін атап өтті. Қазақстанда коронавирус инфекциясын қайта жұқтырған науқастар жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырған бірде-бір науқас тіркелген жоқ. Білуімше, әлемде де қайта жұқтыру жағдайлары жоқ", - деді Қожахметов онлайн брифингте.
Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова да республикада індетке екінші рет шалдығу деректері тіркелмегенін растады.

"Бұл жаңа ауру болғандықтан, қайта жұға ма, жоқ па, оны кесіп айта алмаймыз. Өкінішке қарай, бұл сұраққа бірде-бір ел нақты жауап бере алмай отыр. Мұны инфекциямен ауырып шыққан науқастарды ұзақ уақыт бақылағаннан кейін айтуға болатын шығар", - деді ол.

Айтуынша, кейбір адамдарда ауру өте ұзаққа созылып, алдымен, жағдайы жақсарып, кейін қайта нашарлаған кездер болған. Бірақ, бұл вирусты қайта жұқтыру емес, пациенттің дерттен толығымен айығып шықпауымен байланысты, деп түсіндірді Қожапова.

Басқарма басшысы COVID-19-ды қайта жұқтырғандарды емдеуге арналған бөлек хаттама жоқ екенін, ауруды емдеу хаттамасы бәріне бірдей екенін атап өтті. 




Көрілген: 208    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 18:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31