Мәселе

Қазақстанда күн +25 градусқа дейін жылынады

  • Қазақстанда күн +25 градусқа дейін жылынады

    Қазақстанда күн +25 градусқа дейін жылынады

"Қазгидромет" РМК 2-4 сәуір аралығындағы ауа райына болжам жасады. Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Синоптиктердің болжамынша, Жерорта теңізінің шығыс аймағынан кезекті циклон ығысады, соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.


"Солтүстік облыстарда кей жерлерде ауа райы жауын-шашынды, 4 сәуірде тек шығыста ғана болжанып отыр. Ауа температурасы оңтүстікте +15…+25°С және солтүстік облыстарда +5…15°С", - делінген хабарламада.


gismeteo.kz мәліметінше, республикалық маңызға ие қалаларда аздап жаңбыр жауады, күн жылы болады деп болжануда.


Нұр-Сұлтан


2 сәуір: күн ашық, ауа температурасы түнде -3, күндіз +13 градус;

3 сәуір: күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады, сынап бағанасы түнде +3, күндіз +14 градусты көрсетеді;

4 сәуір: күн бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +5, күндіз +9 градус.

Алматы


2 сәуір: күн ала бұлтты, таңертең және кешке аздап жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +6, күндіз +14 градусты көрсетеді;

3 сәуір: күн ашық, түнде +5, күндіз +16 градус;

4 сәуір: күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады, түнде +14, күндіз +21 градус.

Шымкент


2 сәуір: күн ашық, жауын-шашынсыз, түнде +6, күндіз +22 градус;

3 сәуір: күндіз жаңбыр жауады, сынап бағанасы түнде +13, күндіз +17 градусты көрсетеді;

4 сәуір: күн ашық, түнде +12, күндіз +22 градус. 




Көрілген: 674    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 14:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31