Мәселе

Қазақстанда масканың шекті бағасы белгіленді

  • © Photo : акимат г. Нур-Султана

    © Photo : акимат г. Нур-Султана

Ведомствоаралық комиссияның отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау бойынша нақты шаралар әзірленді, деп хабарлады үкімет басшысының ресми сайты.

 

Дәрігерлерге өтемақы төленеді

 

Отырысқа төрағалық еткен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов президент көз жұмған 182 медицина қызметкерінің отбасыларына, сондай-ақ қызмет атқару кезінде COVID-19-бен ауырған дәрігерлерге өтемақы төлеу бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырғанын еске салды.

 

"Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктеріне, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне медицина қызметкерлерінің қайтыс болу фактісі бойынша өтемақы төлеуді осы жылдың 13 қазанында аяқтауды тапсырамын. Сондай-ақ 17 қазанда өңірлік комиссияларда өтінімдері қаралған кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде ауырған дәрігерлерге өтемақы тағайындауды аяқтау қажет", &ndash деді Тоғжанов.

 

Маска мен ПТР тестілеу бағасы төмендейді

 

Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҰКП-мен және отандық тауар өндірушілермен талқылау қорытындысы бойынша қорғаныш маскасына 40 теңге, бір реттік медициналық маскаға 60 теңге мөлшерінде шекті бөлшек сауда бағасын белгіледі.

 

 

Тоғжанов жауапты мемлекеттік органдарға бизнес-қоғамдастықпен, салалық қауымдастықтармен бірлесіп, халыққа қызметтің қолжетімділігін арттыру үшін үш күндік мерзімде ПТР тестілеу бағасын төмендету мәселесін пысықтап, ведомствоаралық комиссияның келесі отырысына келісілген ұсыныстарды шығаруды тапсырды.

 

Карантин режимін бақылау күшейтіледі

 

Премьер-министрдің орынбасары бір апта мерзімде өңірлерде ПТР тестілеуді біркелкі өткізуді қамтамасыз етуді, карантин режимін бұзу оқиғаларын, оның ішінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында анықтайтын мониторинг топтарының тиімділігін арттыруды тапсырды.

 

Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларындағы дәрілік заттар резервінің көлемін ұлғайту тапсырылды.

 

 sputnik.kz




Көрілген: 968    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 07:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30