Мәселе

Қазақстанда медицина мекеме ғимараттарының 58,2 %-ның тозығы жеткен

  • Қазақстанда медицина мекеме ғимараттарының 58,2 %-ның тозығы жеткен

    Қазақстанда медицина мекеме ғимараттарының 58,2 %-ның тозығы жеткен

Қазақстан бойынша медициналық ұйым ғимараттарының 58,2 % тозған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына барғандар саны бір тұрғынға шаққанда 4,9 құрайды. Жоспар бойынша 4,33-ті қамту тиіс, себебі кейбір өңірлерде әлі де жетілдіру қажет. Атап айтсақ, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысы әкімдіктері амбулаториялық-емханалық ұйымдарда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша іс-шаралар қабылдауы тиіс. Бүгінде елімізде медицина ұйымдарының медициналық техникамен жарақтандырылуы 77 пайыз болса, медицина ұйымдары ғимараттарының тозу деңгейі 58,2 пайызды құрап отыр. Оның себебі денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге, салуға және қайта құруға бұрын жоспарланған қаражатты короновирус инфекциясымен және оның салдарымен күресуге жұмсаумен байланысты", - деді Шоранов елордада онлайн өткен ҚР денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында. 

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оронавирустың таралуы бойынша болжам жасаған еді. 




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 13:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты
    28 Наурыз, 21:45
    Алматы жабыла ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30