Мәселе

Қазақстанда мектеп құрылысына мұғалімдер де араласып жатыр

  • Қазақстанда мектеп құрылысына мұғалімдер де араласып жатыр

    Қазақстанда мектеп құрылысына мұғалімдер де араласып жатыр

Жаңа оқу жылының басталғанына бір аптадан асса да, кейбір мектептер оқушыларды қабылдауға дайын емес. Мәселен еліміздің солтүстігінде тендер кеш өткізілгендіктен мектепте жөндеу жұмыстары үш апта бұрын ғана басталыпты. Мердігерлер үлгере алмағандықтан құрылыс жұмыстарына мұғалімдер де араласып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.


Жанат Ғабдулиннің сөзінше, 1 қыркүйекке екі апта қалғанда ғана мектепті жөндеуге кіріскен. Жаңа оқу жылының басталғанына сегіз күн болса да, білім ордасының астаң-кестеңі шығып жатыр. Соның салдарынан, оқушылары whatsapp арқылы ұстаздарынан тапсырма алып, оқуға мәжбүр. Өйткені онлайн оқуға көшкен ауылда білім беру платформаларына ғаламтор жетпейді екен.

"Жаз біткенде емес, маусым айында бастауы керек еді. Қазір барлығы асығыс жүріп жатыр. Ал балаларымыз үйде жайбарақат отыр. Интернет дұрыс тартпаған соң, онлайн оқу да жоқ", - дейді тұрған.

Асхана, спорт зал, акт залдарында әлі жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Қазір жылу жүйесін жүргізіп, кафель төселіп жатыр.

Бастауыш сыныптар үшін сабақтар қысқартылған. Балаларды мектептің артқы жағындағы есіктен сабаққа кіргізеді. Ал мектептің жөндеу жұмыстарына қызметкерлер де тартылыпты. Олардың сөзінше, араларында мұғалімдер де, тіпті директорың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары да бар көрінеді. Ерлерге құрылыс материялдарын тасып, қоқыстарды жинау жүктелсе, әйелдер қабырғаларды сырлау, жылу батареяларын ақтау мен айналысып жатыр.

"Барлығының өз міндеті бар, жұмыс істеп жатырмыз. Екінші қабаттағы жұмыстарды аяқтап, үшінші қабатта жүрміз. Қосымша ақы алмаймыз. Ұстаздар түске дейін онлайн сабақ береді де, түстен кейін осында келіп көмектеседі", - дейді Новопокровка орта мектебінің лаборанты Валетина Евтушенко.

Мердігер де жергілікті билік өкілдері де тендердің кешіктірілуінен деп түсініреді. Сөздерінше тендер шілденің соңында бірақ ойнатылыпты. Ал аудан басшылығы үшін мектеп қызметкерлерінің мектеп құрылысына араласып жүргені қалыпты жағдай сияқты.

"Қызметкерле өз еркімен жұмыс жасап жүр. Мердігермен келісіп, ол үшін қосымша жалақы алады. Біз оларды үгіттеп жатқанымыз жоқ", - дейді Шал ақын ауданының әкімінің орынбасары.

Сөздерінше, 15 қыркүйектен бастап, жоғарғы сынып оқушылары мектепке барып оқи алады. Мердігер оған дейін мектептің құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз, деп сөз берген көрінеді.




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31