Мәселе

Қазақстанда митинг кезінде 4 мың адам ұсталды

  • Қазақстанда митинг кезінде 4 мың адам ұсталды

    Қазақстанда митинг кезінде 4 мың адам ұсталды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда митинг кезінде 4 мыңға жуық адам ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маусымның 9, 10, 11, 12 және 13-і - бес тәулік ішінде Бас прокуратура мен ІІМ-нің бірнеше рет ескертуіне қарамастан, Қазақстан қалаларында рұқсат етілмеген митингтер өткізілді. Митингіге шыққан азаматтар "митингілер, шерулер және демонстрациялар туралы" заңды бұзған. Заңда мұндай акцияларды өткізбес бұрын қатысушылар жергілікті атқарушы органдарға өтініш беруі тиіс екені анық жазылған. Тек ЖАО-ның рұқсатымен ғана митингілер өткізілуге тиіс", - деді Тұрғынбаев Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Ол полиция қызметкерлеріне арнайы құралдарды қолданбауға бұйрық берілгенін атап өтті. "Бүкіл полиция тәртіпсіздіктердің жолын кесу үшін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл газ баллондары, дубинкалар, олар қолданылған жоқ. Бұл қақтығыстарды оқшаулау үшін тек физикалық күш қолданылды. 4 мыңға жуық азамат ұсталды", - деді министр. Оның айтуынша, 3 мың азамат "қамауға алынып, босатылды". 677 адам сот арқылы әкімшілік қамауға алынып, 305 адамға әкімшілік айыппұл салынды. 




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 12:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31