Мәселе

Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды

  • Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды

    Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды

Қазақстанның ауыл шарушылық министрі Сапархан Омаров елімізде нан бағасының қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта нан өңірге байланысты 75-78 теңгеден сатылуда. Баға аздап көтеріліп, 80-82 теңгеге жетеді деп топшылаймын», - дейді Омаров.


Өз сөзінде министр бұл бағаның аздаған деңгейде ғана қымбаттауы екенін атап өтті.


Сонымен қатар министрлік нан бағасы күрт қымбаттамауы үшін, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен» тұрақтандыру қорларынан дәнді дақыл сатып алумен айналысып жатқанын айтты.


«Сондай-ақ, әр облысытың әкімдігі тұрақтандыру қорларынан бидай мен ұн сатып алуда. Ішкі нарықтағы тұрақтылық үшін, жыл сайын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен» комбинаттар арасында 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатылуда. Биылғы жылы нан бағасы күрт қымбаттамауы үшін, ішкі нарықта 150 мың тонна астық сатылды», - дейді ауыл шаруашылығы министрі. 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.10.2019, 14:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30