Мәселе

Қазақстанда оқ-дәрі сақталатын барлық нысан тексеріледі

  • Қазақстанда оқ-дәрі сақталатын барлық нысан тексеріледі

    Қазақстанда оқ-дәрі сақталатын барлық нысан тексеріледі

Арнайы комиссия Қазақстан Қарулы Күштерінің оқ-дәрілерін сақтау нысандарын тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мұқият тексеру мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде арнайы комиссия құрылғаны айтылады. "Комиссия құрамына оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру саласында арнайы техникалық білімі бар, сондай-ақ тиісті практикалық тәжірибесі бар, оның ішінде өртке қарсы және диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жоғары білікті әскери мамандар кірді", - делінген хабарламада. "Бұл әскери қызметшілер ҚР Қарулы Күштері бөлімдерінде, құрамалары мен базаларында оқ-дәрілерді, зымырандық-артиллериялық қару-жарақтарды сақтауға байланысты командалық лауазымдарда, оның ішінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары (2004-2005 жж.) лауазымдарында запастағы генерал-майор В. Назаренко және ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы запастағы генерал-майор М. Даиров (2016-2018 жж.) қызметтерінен өткен", - деп хабарлады ведомство өкілдері. Жұмыс барысында Комиссия оқ-дәрілерді сақтаудың шарттары мен тәртібін, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексереді, төтенше жағдайлардың туындау ықтимал тәуекелдеріне баға береді, сондай-ақ жергілікті жерлерде практикалық көмек көрсетілетін болады және оқ-дәрілерді сақтау объектілерінің қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша шаралар айқындалады. Еске салайық, 24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Кейін апаттан 3 адам қаза тапқаны хабарланды.

 




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.07.2019, 15:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31