Мәселе

Қазақстанда самокаттармен тас жолда жүруге тыйым салынады

  • Қазақстанда самокаттармен тас жолда жүруге тыйым салынады

    Қазақстанда самокаттармен тас жолда жүруге тыйым салынады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев электросамокаттармен тас жолдарда жүруге рұқсат жоқ екенін айтты, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр электросамокаттар ішкі істер министрлігі үшін қиындық тудырып жатқанын айтты. Электросамокаттармен жол бойында жүруге рұқсат етілмеген және бұл мәселе алдағы уақытта қарастырылмайды. 

 
"Бүгінде сағатына 80 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүретін электросамокаттар бар. Бірақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олар жол қозғалысына қатысушы көлік қатарына жатпайды. Яғни, жол қозғалысы туралы заңда ондай көлік енгізілмеген. Электросамокаттардың заңда көлік қатарына енгізілмеуінің бірнеше себебі бар. Біріншіден, бұл техникалық құралғының сертификаты жоқ, екіншіден, олар көлік құралына қойылатын талаптарға, яғни дөңгелектің диаметріне, тежеу ​​жүйесіне, бүйір шамдардың, артқы көрінетін айналар мен қауіпсіздік жүйелерінің болмауына байланысты, қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Электросамокаттармен тас жолдарда жүруге қатаң тыйым салынады”, – дейді Тұрғымбаев. 

Оның айтуынша, велотректер мен тротуарлар бойымен электросамокаттарды жүргізу туралы мәселе қарастырылуда.

"Себебі бірқатар электросамокаттарының жылдамдығы сағатына 20 шақырымнан асады. Бұл мәселе елімізде ретке қойылмаған. Қазіргі уақытта барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылды. Менің ойымша, осы топтың шешімі бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі", - деді ішкі істер министрі.




Көрілген: 986    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 13:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31