Қазақстанда суицид көрсеткіші бойынша 20-орында тұр

07 сәуір 2022, 16:44

Астанада БАҚ-та суицидке қатысты материалдарды жариялауға қатысты жиын өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, Қазақстан суицидтен 20-орында тұр. Ал 10-19 жастағы жасөспірімдер арасындағы өлім көрсеткіші бойынша 10-орында тұр. Былтыр суицидке қатысты 3922 дерек тіркелген.

Мамандардың пікірінше, БАҚ-та суицидтің себебін егжей-тегжейлі жариялаудың да кері әсері бар. Себебі, адамның санасы суицидке селт етпейтін болады.

aikyn.kz