Мәселе

Қазақстанда той өткізуге рұқсат етілді

  • Қазақстанда той өткізуге рұқсат етілді

    Қазақстанда той өткізуге рұқсат етілді

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтануына байланысты карантин жеңілдейді. Осыған байланысты үйлену тойлары мен мерейтойлар өткізуге рұқсат етілді. Бірақ тойханаларға Ashyq-та статусы "қауіпсіз" қонақтар ғана кіргізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

 
"Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы екі аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендегенін айтты. Осыған байланысты 27 қыркүйектен бастап "Ashyq" бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі", – делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында. 

Атап айтқанда, 27 қыркүйектен бастап салтанатты, еске алу және отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге рұқсат беріліп отыр.

"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде зал 50%-ға дейін ғана толуы керек, 100 орыннан аспауы шарт.

"Сары" аймақта да 50%-ға дейін, 70 орыннан аспауға тиіс.

"Қызыл" аймақта 50%-ға дейін, 50 орыннан аспауы керек.

Сонымен қатар форумдар, көрмелер, марафондар өткізуге болады. Толығырақ төмендегі кестеден көре аласыздар. 

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов вакцинацияға қолжетімділікті арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, теміржол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірқатар басқа тапсырмалар берді.




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 13:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31