Мәселе

Қазақстанда тұрғындардың тыныштығын бұзу фактісі үшін жаза күшейтілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында тұрғындардың тыныштығына кедергi келтiргендер үшін айыппұл сомасы артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, тыныштықты бұзу жағдайында жауапкершілікті күшейту қадамдары 437-бапта ескерілген. Яғни жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзуге байланысты тиісті жазаны қарастырып отыр.

«...437-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға – бес, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді», - делінген Мемлекет басшысы қол қойған Заңда.

Сонымен қатар, екінші бөліктің екінші абзацы да жаңа редакцияда (Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет) жазылған.

«Жеке тұлғаларға – он, шағын кəсіпкерлік субъек тілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді», - деп атап өтілген Заң мәтінінде.

Осылайша, тыныштық бұзғаны үшін, оның ішінде қайталанып жасалған әрекетке жеке тұлғаларға айыппұл сомасы өзгермеген, ал кәсіпкерлік субъектілеріне шамамен екі есеге артқан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске өзгерістер енгізілді.

 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.01.2020, 16:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29