Мәселе

Қазақстанда туристік полиция құрылды

  • Қазақстанда туристік полиция құрылды

    Қазақстанда туристік полиция құрылды

Бұл туралы екі күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен министрліктің алқа жиынында айтылған еді. Бүгін соның алғашқы өкілдерін таныстырылды.

Олар ағылшын тілін, соған қоса еліміздің тарихын жақсы білу керек. Осы талаптар бойынша былтырдан бері бүкіл ішкі істер саласында іріктеу жүріп, алғыр қызметкерлер таңдап алыныпты. Министрліктегілердің ойынша, бұл елге сырттан инвестиция тартуға жақсы септігін тигізеді. Әуелгі кезде бұл шетелдіктер көп келетін Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында қолға алынып отыр. Олар бейнетіркеуіштермен, рация және планшеттермен жабдықталған. Қозғалыс қолайлылығы үшін мынадай жеңіл техникасы да бар. Қақаған қыста да әрбір шетелдікті сырттай бақылаумен болады. Ондайда полиция пункттерін панайлайды дейді министрлік өкілдері. Динара Асанова, Нұр-Сұлтан қаласы ПД туристік полиция қызметкері: - Туристік полиция қызметкерінің негізгі қызметтері шетелдік азаматтардың жағдайын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, шетелдік азаматтар көп жүретін жерлерде патруль жасау, кез келген сұрақ бойынша оларға консультация беру.




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.04.2019, 18:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31