Мәселе

Қазақстанда зираттарға арналған санитарлық ережелер әзірленді

  • © Sputnik / Дәурен Ерболат

    © Sputnik / Дәурен Ерболат

Денсаулық сақтау министрлігі зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитарилық-эпидемиологиялық талаптарды әзірледі. Құжаттың жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Ережеде зираттарды салуға тыйым салынған жерлер анық көрсетілген. Олар:

 

сумен жабдықтау көздері мен минералды бұлақтарды санитариялық қорғау аймақтарының бірінші және екінші белдеулері;

курорттарды санитариялық қорғаудың бірінші аймағы;

су басатын, сырғыма немесе құламаға бейім, батпақты учаскелер;

шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік, шомылу және басқа да мәдени-сауықтыру іс-шаралары үшін халық пайдаланатын І және ІІ санаттағы су қоймаларының жағалаулары;

күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз пункттер;

гамма-сәуленің тиімді дозасының қуаты ашық жерлерде доза қуатынан сағатына 0,2 микрозиверттен асатын аумақтар.

 

Сондай-ақ, құжат жобасында зираттарды салуға қатысты талаптар да бар. Атап айтқанда, зираттың қоршауын есептегенде бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторлық-курорттық аймақтарға дейін, кемінде, 300 метр, ал халықты ауызсумен жабдықтау көзіне дейін, кемінде, 1 000 метр арақашықтық сақталуы шарт.

 

Жабық зираттар үшін бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторлық-курорттық аймақтарға дейінгі қашықтық, кемінде, 100 метр болады. Ал жерлеудің жалпы алаңы зираттың жалпы алаңының 65-70 пайызы қабылданады.

 

«Зиратқа арналған учаскенің тұрған орны және оның көлемі елді мекенді жоспарлау және салу жобасында зират аумағын тікелей ол жабылғаннан кейін саябақ немесе бақ салуға пайдалану мүмкіндігін ескере отырып көзделеді», — делінген құжат жобасында.

 

Жерлеу бюролары тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, кемінде, 50 метр қашықтықта бөлек тұрған ғимараттарға орналастырылады. Қабір түбінен жер асты сулары тұратын деңгейге дейін кемінде 0,5 метр есебінен қабылданады.

 

Ал қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда, жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша қайта жерлеуге рұқсат беріледі.

 

Сүйек алынған жағдайда қабір дезинфекцияланады және топырақ себіледі, ал қабірден алынған сүйек қақпақты жәшіктермен тасымалданады. Табыт жәшікке салынады. Жерлеу жүргізілген табыт зақымданған (сақталмаған) жағдайда табыттың қалдықтары арнайы бөлінген орындарда өртеледі.

 

Құжатта қайта жерлеумен айналысатын адамдарға қатысты талаптар да жазылған.

 

Олар сіреспеге және күйдіргіге қарсы егіледі. Сондай-ақ, арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен (резеңке етік, резеңке қолғап, респиратор немесе ауыз бен мұрынды жабатын дәке таңғыш, комбинезон) қамтамасыз етіледі.

 

Арнайы киімді үй жағдайларында жууға және залалсыздандыруға болмайды. Ал жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар зираттан тыс шығарылмайды. Эксгумациядан кейін арнайы киім де, көлік те дезинфекцияланады.

 

Этиологиясы белгісіз инфекциялардан және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдарды жерлеу мырышталған, тұмшаланып дәнекерленген табыттарда жүргізіледі.

 

Зиратты және қабірлерді көшіру кезінде аумақтарды (учаскелерді) рекультивациялау жүргізіледі.

 

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұрын белгісіз болған қабірлер анықталған жағдайларда мәйіттің сүйектерін қайта көму және аумақты рекультивациялау қажет.

 

«Зираттардың аумағы оны көшірген сәттен бастап жиырма жыл өткен соң пайдаланылады. Аумақ бұл жағдайларда тек жасыл көшеттер үшін ғана пайдаланылады», — делінген жобада.

 

Айта кетейік, құжат 4 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылып отыр.

 

 

 

 

 




Көрілген: 762    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 18:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31