Мәселе

Қазақстандағы жаңажылдық сыйлықтарда мерзімі өтіп кеткен кәмпиттер анықталды

  • Қазақстандағы жаңажылдық сыйлықтарда мерзімі өтіп кеткен кәмпиттер анықталды

    Қазақстандағы жаңажылдық сыйлықтарда мерзімі өтіп кеткен кәмпиттер анықталды

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілдері еліміздегі дүкендерде тексеріс жүргізіп, мерзімі өтіп кеткен кәмпиттерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қараша, желтоқсан айларында тексеріс жүргіздік, әсіресе, ораулы тұрған кәмпиттерді тексердік. Бірнеше өңірде мерзімі өтіп кеткен кәмпиттер анықталды. Оларды сатылымнан алып тастадық", - деді Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин. Бірақ, оның айтуынша, қызметкерлерге ораулы тұрған кәмпиттерді тексеру қиынға соғады. Әрбір пакетті тексеру қажет болады екен. "Тауар өтімділігі жоғары дүкендерді аралау керек, себебі онда тауар жайын білетін мамандар болады. Олар тауарларының маркасын, брендін біледі", - деді Бекшин. Сондай-ақ, бас дәрігер мамандардың тауарларды өздері тексеретінін айтып өтті. "Ол өнім талаптарға сай болмаса, прокуратура органдары жоспардан тыс тексеріс жүргізеді. Мұнымен қоса, тауар өндірушінің қызметі тоқтатылады. Мұндай жағдайлар барлық өңірде кездеседі, - деді Бекшин.

 




Көрілген: 1040    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.12.2018, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30