Мәселе

Қазақстандағы қашықтан оқыту: Көру қабілеті төмендеген балалар саны артуда

  • Қазақстандағы қашықтан оқыту: Көру қабілеті төмендеген балалар саны артуда

    Қазақстандағы қашықтан оқыту: Көру қабілеті төмендеген балалар саны артуда

Қазақстанда қашықтан оқыту басталғалы бері балаларын окулистерге тексертуге әкелетін ата-аналардың саны артқан. Оқушылар көбіне онлайн сабақтардан кейін ауырсыну мен шаршауға шағымданатын көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеме жасап.

Айя Байжанованың қызы 1-сыныпта оқиды. Қыз соңғы екі жылда мектепке дайындалды. Ол өзінің жетістіктерімен анасын қуанту үшін жақсы оқушы болуды армандады. Бірақ қашықтан оқыту баланың құлшынысы бәсеңдетті.

"Өткен жылы екі операция жасадық, сондықтан біз көзілдірікпен жүреміз және бұл өте қиын. Тек негізгі сабақтарда ғана қатысамыз, ал жаратылыстану, дүниетану сияқты сабақтарда қатыспаймыз, өйткені бұл көзге үлкен жүктеме", - дейді бірінші сынып оқушысының анасы Айя Байжанова.

Қыз монитордың алдында 9:00-ден 13:00-ге дейін отыруы керек. Ал оған тек жарты сағатқа ғана рұқсат бар. Офтальмологтар өз кезегінде мектептер осы көктемде онлайн білім беруге көшкеннен бері осы қыз сияқты науқастардың көп екенін байқады.

"Мен қарайтын науқастар 2 жастан асқан. Көру өткірлігі төмендеп жатыр деп нақты айта аламын. Бұл уақытында жүргізілген терапияға, аппараттық емдеуге және, әрине, үнемі тексеруге қарамастан", - дейді көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының офтальмологы Сабина Идилова.

Офтальмологтардың сөзін оптика дүкендерінің иелері де растайды. Тапсырыстар айтарлықтай көбейген. Көзілдірік өндіретін зауыттың директоры Арыстанбек Жұмағұловтың айтуынша, балаларға тапсырыс былтырмен салыстырғанда 50%-ға артқан.

Мамандар ата-аналарға қажет болатын қарапайым кеңестер береді. Біріншіден, мониторлар экранында күн сәулесі болмауы керек. Көз бен экран арасындағы қашықтық кемінде жарты метр болуы керек. Артқы бұлшықеттердегі жүктемелерге байланысты дене қалпын ескеру маңызды. Сколиоз да көру қабілетін нашарлатады. Әр жарты сағат сайын кем дегенде 5 минут үзіліс жасау міндетті. Көзді босаңсыту үшін алысқа қарау керек. Ең бастысы, көзге арналған жаттығулар жасауды ұмытпаған жөн.




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 08:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31