Қазақстандағы қоқыс ғарыштан да көрінеді

Қазақстандағы қоқыс ғарыштан да көрінеді

Мұны Аэроғарыш комитеті ұсынған мәліметтер растайды.

Таяуда жүргізілген есеп бойынша елде 3 жарым мың қоқыс полигоны бар. Онда жыл сайын 5 миллион тонна қалдық төгіледі. Көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Ал оны өңдеу, яғни кәдеге жарату ісі дамымаған.

Елімізде үйіліп қалған полигондар мен заңсыз қоқыс алаңдарының көптігі соншалық, ғарыштан көрінеді. Мұндайды бұған дейін де естіген боларсыз. Себебі ғарыштық түсірілімдер бірнеше мәрте көрсетілді. Дегенмен биыл Экология министрлігі заңсыз полигондар санының 8 мыңға жеткенін хабарлады. Ал заңды, яки ресми рұқсат берілген қоқыс алаңдары – 3 жарым мың. Ондағы қалдықтар 32 мың гектар жерді алып жатыр. Яғни, қазіргі Ақтау қаласымен салыстырсақ, 4 есе үлкен аумаққа тең.

Ахметжан Пірімқұлов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі: – Қазақстанның халқы өсіп жатыр. 5 млн тонна қалыпты жағдай. Қаланың саны үлкейіп келе жатыр, соған сай қоқыс та көбейеді.

Елордада қоқыс іздеп, алысқа барудың қажеті жоқ. Іргеде дейміз-ау, қаланың қақ ортасында жетіп жатыр. Көптігі соншалық, тау-тау болып үйіліп қалған. Мына көп қабатты үйлердің тұрғындары осы қоқыстың ортасында өмір сүріп жатыр. Қаланың сыртында арнайы полигон бар. Бірақ соған барып қоқыс төгу мәдениеті әлі қалыптаспай отыр. Мына қоқыстың ауаны ластайтыны сөзсіз. Себебі жел тұрып, шаң көтерілсе, төңіректе тұрғындардың терезені ашпақ түгілі, аулада жүруі қиындайды.

Мәселенің көтеріліп келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Қысы-жазы қайталанады. Шаһар билігі заңсыз полигондарды жойып, төңіректі қанша тазартса да, жүк көліктері қоқысты әкеп тастай береді. Себеп біреу – қолданылатын жаза жеңіл дейді мамандар. Айыппұл төлеп құтылады. Қаланың экологиясына жанашыр жандардың бірі Шасалим Шагалимов мәселенің мәнісін былай түсіндіреді. Оның айтуынша, былтырдан бері шаһарда құрылыс қалдықтарын тастайтын полигон жоқ. Қолданыстағысы ақылы негізде қабылдайды.

Шасалим Шагалимов, «Мы за чистую страну» экологиялық қозғалысының ұйымдастырушысы: – 2020 жылдың қаңтарынан құрылыс қалдықтарын полигонға апарып тастауға тыйым салынды. Адамдар қоқысты қайда апарарын білмей дал. Осындай жерлерге, үйлердің арасына әкеп тастаудан басқа амалдары жоқ. Заңсыз болса да, айыппұл төлеп құтылады. Оның мөлшері – бар болғаны 70 мың теңге. Екі аптаға жеткізбей төлесе, 35 мың теңгеге азаяды.

Елордада жақын орналасқан елді мекендерге келсек, жағдай тіпті мүшкіл. Қосшы, Тайтөбе ауылдарының тұрғындары зардабын әбден тартып келеді. Шетелде мұндай қоқыс мейлінше кәдеге жаратылады.

Дания астанасы Копенгагенде қалдықтарды өңдейтін зауыттың бірнешеуі жұмыс істеп тұр. Футуристік үлгіде салынған бұл нысанның үстінде көпшілік шаңғы тепсе, астыңғы бөлігінде қалдықтан энергия өндіріліп жатыр. Қоршаған ортаға зияны жоқ. Бірнеше кезеңді қамтитын тазарту жүйесі жұмыс істейді. Нысанның авторы жергілікті сәулетші – Биарке Ингелс. Ол өзінің жобасы арқылы көпшілікке қоқыс өңдеудің де, жоюдың да салдарын азайтуға болатынын дәлелдеген.

Мұндай өндіріс орындарының елімізге қажеттігі айтпаса да түсінікті. Себебі, полигондар өртеніп, ауаға зиянды заттар таралып жатыр. Таяуда Қарағанды облысында болған жағдай осы сөзімізге дәлел. Бүтіндей бір ауыл өрттен шыққан өткір иістен уланып қала жаздады. Елде қоқысты кәдеге жарату ісімен мемлекеттік деңгейде әзірге бір ғана мекеме айналысады. Дегенмен көрсетіліп жатқан қолдау жоқ емес. Соңғы жылдары қоқыс жинаушы 77, ал оны өңдеуші 25 кәсіпорын құрылды.

Әнуар Сәтпаев, «ӨКМ оператор» ЖШС қалдықты басқару бөлімі басшысының орынбасары: Осы жылдың бірінші тоқсасында 9500 шикізат жиналып, қайта жинаушы кәсіпорындарға тапсырылды. Және 250 млн теңге субсидия берілді. Мысалы, қағаз өңдейтіндер жұмыртқаның қабын шығарады. Пластмас кәсіпорындар пластиктіктің тек 3 түрін қайта жарауға жарамды. Соны өңдеп, флекс және гранула шығарады.

Қазақстанда қоқыс өңдеу ісінің тиімділігін ең алдымен шетелдіктер түсінген. Неге десеңіз, бұл салаға инвестиция құйғандардың көбі сырт мемлекеттен келіп жатыр. Таяуда тағы бірі Грекиядан тың технологиясын алып келді. Еліміздің 3 аймағына қоқыс сұрыптайтын қондырғыларын орнатпақ. Семей, Өскемен және Ақтөбе қалаларымен алдын ала келісім жасалған.

Янис Гурованов, грекиялық компанияның өкілі: – Қондырғылар қарапайым жүйемен жұмыс істейді. Оған төгілген қалдық толық сұрыпталып, жеке-жеке бөлініп шығады. 3 аймақта жиналған қоқыстың 30 процентінен пайдалы зат шығаруды жоспарлап отырмыз. Сұрыптаудың нәтижесі осындай болмақ.

Айта кетейік, жыл сайын еліміздегі қоқыс полигондары 5 млн тоннамен толығып отырады. Соның тек 18 проценті қайта өңделеді. Қалғаны көміледі. Көрсеткіш 2025 жылға дейін 40 пайызға жетуге тиіс. Елде жақында жаңа экологиялық кодекс күшіне енеді. Соның аясында тыйым салынған жерге қоқыс төккендерге айыппұл көбейтіліп, қатаң шара қолданылады.

Рауан Мыңбаев

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста