Мәселе

Қазақстандағы митинг: Қанша адам ұсталды және қанша адам босатылды

  • Видеодан үзінді

    Видеодан үзінді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері елдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өз сөзінде Бас прокуратураның Қызмет бастығы Сапарбек Нұрпейісов прокуратура бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген адамдар арандатушыларға еріп, митингілерге шығып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған.


Нәтижесінде, үш полиция қызметкері зақымданды. Бұл ретте осы әрекеттерге жауап ретінде полиция қызметкерлері азаматтарға арнайы құралдар қолданбаған.


Спикер азаматтардың тыныштығын қорғау үшін өрескел заң бұзушыларды полиция бөлімдеріне жеткізгендігін атап өтті.



Заңсыз акцияға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 957 адамды сот әкімшілік жауаптылыққа тартты, оның ішінде қамауға алынғаны - 670, айыппұлға - 115 және 172 адамға ескерту жасалды.


12 маусымда Мемлекет басшысы Бас Прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауды тапсырғанын еске саламыз.


"Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Осыған байланысты қадағалау өкілеттігі аясында прокурорлар 311 адамға қатысты сотқа қамау мерзімін төмендету туралы апелляциялық өтінішхат енгізіді және ол қанағаттандырылды.


Бүгінде арнайы қабылдау мекемелерінде 180 адам қамауда отыр.


 




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.06.2019, 16:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31