Мәселе

Қазақстандық әмиянынан картадан "ақша ұрлайтын" чип тауып алған

  • © Видео кадры

    © Видео кадры

Қазақстандық ер адам банк картасынан ақша ұрлайтын чип тауып алғаны туралы видео жариялады. Ол роликті мессенджерлер арқылы таратып, артынша видео әлеуметтік желілердегі топтарда пайда болған, - деп   Tengrinews.kz хабарлайды  тілшісі.

Видеода ер адам базардан 3 мың теңгеге сатып алған әмиянын көрсеткен. Видео авторының сөзінше, әмиянның ішінде банк картасынан ақша ұрлайтын чип болған. Оның айтуынша, есептегі 2 мың теңге жоқ болып кеткен. Видео авторы қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

<iframe src="https://aitube.kz/embed?id=0_bsy5z7cq" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" width="560" height="355" allowfullscreen="allowfullscreen" style="max-width: 100%;"></iframe>

Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының директоры Арман Әбдірасылов ер адамның жорамалы шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның айтуынша, әмияндағы чип "антиұрлық" және "антиұры" деп аталатын қорғаныш белгісі екен.

"Антиұры" - қауіпсіздік жүйесіне белгі беретін арнайы құрылғы. Мұндай белгілер сатып алушылар тауарды тегін алып кетпеуі үшін дүкендерде қойылады.

Ал ақшаның жоғалғанының мән-жайын анықтау керек. Себебі, видео авторы алаяқтардың тұзағына түскен болуы керек. Бірақ оған чиптің еш қатысы жоқ болып шықты.

 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.02.2020, 13:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30