Мәселе

Қазақстандық әйел 40-қа жақындаған құрбысын өз күйеуіне тоқалдықа ұсынды

  • «Өз ойым» бағдарламасынан

    «Өз ойым» бағдарламасынан

Луиза Манапқызы жасы 40-қа жақындаған құрбысын аяғаны соншалық, онымен өз күйеуін бөлісуге дайын. Айтуына қарағанда, оң босағада отырып қалған құрбысына жақындары сырттан бала табуға рұқсат берген. Алайда құрбысы біреумен ойнас болғысы келмейді екен. Бұл туралы 7-арнаның «Өз ойым» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz.


Сөзіне қарағанда, құрбысы келесі Жаңа жылға дейін тұрмысқа шықпаса, ЭКО жасатуға немесе бала асырап алуға бекініп отыр. Мұны естіген Луиза оған өзінің күйеуіне тоқал болып тиюге ұсыныс жасаған.


«ЭКО істетемін дегенін естіп мен: - Ақымақсың ба? Менің күйеуім тұр, соған тоқал болып шық. Үш бөлмелі үйде тұрып жатырмыз, біреуін босатып беремін. Дүйсенбі менімен, сейсенбі сенімен деп мен әзілдеп айтып жатырмын. Өмірге келмеген балаға жаным ашып, құрбыммен өз күйеуімді бөліспекші болдым», - дейді Луиза Манапқызы.


Айтуынша, күйеуі 7 ағайындының ішіндегі үлкені. Қайын жұртыма бәрін өзін түсіндіремін, деген Луиза бар жауапкершілікті де өз мойнына алып отыр. Ол күйеуін қызғанатынын жасырмайды. Алайда дүниеге әлі келмеген сәбиге жаны ашығандықтан, осындай қадамға барып отыр.


«Жаныстарды (ред. күйеуінің руы) өз мойныма аламын, некеңді мешітке апарып өзім қиып беремін. Бала-шағам өсіп қалды, сенің балаңның жаялығын жуып береді. Есесіне балаңның ағайыны болады дедім», - дейді Луиза Манапқызы.


 sn.kz




Көрілген: 1094    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 18:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31