Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандық бойжеткен Comedy Club шоуында қорланғанын айтты

23 желтоқсан 2022, 15:50

Қазақстандық бойжеткен Балауса Төлеген ТНТ-дағы Comedy Club шоуының жүргізушісі Павел Воля тарапынан қорлық көргенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ryhy.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бағдарламаның эфирінде қыздың суретін көрсетіп, оны «арман мен долбанко арасындағы нәрсе» деп атаған.

 

«Менің суретім қандай да бір жолмен Comedy Club-та көрсетілді. Сурет оларға қалай жеткенін білмеймін. Бұл бейнеде «біз сендерді жақсы көреміз» деген таптаурындар арқылы сексистік әзілдер айтылып, әйелдерді мазаққа айналдырды. Бұл шығарылымның қаралымы 3,5 млн-нан асты. Яғни ол арқылы қоғамда «мазақтауға болады» деген пікір қалыптасуы мүмкін», - дейді ол.

 

Ол жүргізуші оның әлеуметтік желілерде жариялаған 2018 жылғы суретін көрсеткенін атап өтті.