Мәселе

Қазақстандық депутат мүгедектердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды

  • Қазақстандық депутат мүгедектердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды

    Қазақстандық депутат мүгедектердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнет жасын төмендету керек деп есептейді. Ол оны 63-тен 55 жасқа дейін түсіруді ұсынып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Мүгедек адамдар үшін зейнетақы жасын төмендету мәселесі денсаулық жағдайының факторларын, диагнозы мен ауруын, еңбек сипатын және т.б. ескере отырып кешенді шешілуі тиіс. Бірақ оларға зейнетке шығудың орташа жасы көп балалы аналарға ұқсас 55 жас болуы керек", - деді депутат.

 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, елде 600 мыңнан астам адамның мүмкіндігі шектеулі. Соның ішінде жұмыс істейтін ересектерінің саны 85 мыңнан асады. Олардың арасында жұмысқа жарамдыларының қатары негізінен үшінші топтағы мүгедектер. Сол жұмыс істейтін 85 мың адамның 50 мыңының жасы 45-тен асқан, яғни зейнет жасына таяп қалған. Жасы келген сайын жүріп-тұруы қиындай түссе де ақша табудың қамымен 63 жасқа дейін жұмыс істеуге мәжбүр, дейді депутаттар.

Елордалық Олжас Ескендіров те денсаулық жағдайына қарамай еңбегін сарп етіп жүрген жандардың бірі. Дәрігер мамандығын меңгерген. Жеті жылдан бері екінші топтағы мүгедек. Бірақ соған қарамастан дәрігерлік қызметін тастамай келеді. Өйткені алатын жәрдемақысы тым аз. Тіпті жұмыс істеп табыс тауып жүргеннің өзінде дәрі-дәрмегі мен түрлі қызмет алуға жетпейтінін айтады. Сондықтан депутаттардың ұсынысын ол толық қолдайды.

"Өйткені бәрі қымбаттайды. Тамақтың бағасы да, дәрі-дәрмектің бағасы да, түрлі қызмет те, оны да алу керек. Өйткені тегін алуға көп уақыт кетеді, порталға тіркелу керек. Оған денсаулығың мұрша бермейді. Соған ақша төлеп басқа клиникаларға барасың", - дейді Олжас Ескендіров.




Көрілген: 959    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.04.2021, 10:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31