Мәселе

Қазақстандық еріктілер мәйітханалардың жағдайын көріп шошыды

  • Қазақстандық еріктілер мәйітханалардың жағдайын көріп шошыды

    Қазақстандық еріктілер мәйітханалардың жағдайын көріп шошыды

Республикалық қоғамдық бақылау тобының еріктілері Қазақстан аймақтарындағы мәйітханалардың жағдайын көріп шошыды. Бұл туралы бірлестіктің үйлестірушісі Саида Таукелева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Қазақстанда осымен бірнеше ай бойы республикалық қоғамдық бақылау тобы жұмыс істейді, олар - әр өңір тұрғындарының шағымдарын тексеретін еріктілер. Жақында еріктілер Қостанай, Павлодар және Маңғыстау облыстарында болып қайтқан еді.

"Ешкім де менің қайда баратынымды білмейді, сондықтан менің келетінім туралы ауруханадағыларға ешкім ескерте алмады. Дайындалуға мүмкіндік жоқ. Алдымен біз Қостанай облысының Рудный қаласына бардық. Мәйітханаға барғым келетінін айттым. Бұл ғимарат 70-жылы салынған. Жөндеу кеңес заманында соңғы рет жасалған шығар", - дейді Таукелева.
 
Оның айтуынша, шілдеде мәйітхана толып кеткен, бос орындар болмаған.

"Біздің мәйітханалар мұншалықты мәйітке арналмаған, нақты сыйымдылығы тоғыздан аспайды. Ондаған мәйіт әкелгенде, елестетіп көріңіз... Ал олардың рәсімдерін жүргізу. Адамдар тәулік бойы жұмыс істейді", - дейді ол.

Ақтаудағы мәйітхана. Фото: Саида Таукелева

Саида Таукелева еріктілердің басты міндеті барлық проблеманы анықтап, оны жою екенін айтады Мысалы, Ақтау мәйітханасына рейд кезінде медициналық спирттің жоғын анықталған.


Ақтаудағы мәйітхана. © Саида Таукелева

Саида Таукелеваның айтуынша, елдегі мәйітханалардың көбінде осындай жағдай. Енді ерікті Ақтөбе облысына баруды жоспарлап отыр екен.


Екібастұздағы мәйітхана. © Саида Таукелева


Екібастұздағы мәйітхана. © Саида Таукелева




Көрілген: 726    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 08:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31