Мәселе

Қазақстандық құтқарушылар үйден өрт шықпау үшін не істеу керектігін айтты

  • Қазақстандық құтқарушылар үйден өрт шықпау үшін не істеу керектігін айтты

    Қазақстандық құтқарушылар үйден өрт шықпау үшін не істеу керектігін айтты

Төтенше жағдай мамандары көп жағдайда өрттің себебі неден болатынын айтып берді. Электр қауіпсіздігінің сақталмауы, қарапайым электр сымдардың ескіруінен тіпті үйдегі тоқ қосқыштан да қызыл жалын шығып арты апатқа алып келуі мүмкін. Өртті қалай алдын алуға болады? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жыл басталғаннан бері елімізде 2700 өрт шығыпты. Осы өрттің 420-сы электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзғандықтан болыпты. 

 
"Бұл жерде бірнеше тұрмыстық техниканы бір құрылғыға қосып тастап кеткендіктің кесірін көріп отырмыз. Адамдар көп жағдайда белгіленген мөлшерден артық ватты қосып, құрылғыны күйдіріп алады. Содан өрт шығады, оны үнемі бақылап отыру керек", - дейді өрт бақылау басқармасының басшысы Александр Петрович. 


Жамбыл облысында өрттен бір отбасының бес баласы қайтыс болды

23 жастағы павлодарлық өрт сөндіруші тілсіз жаудың құрбаны болды

Қазір кез келген үйде жылыту пешінің бәрі электр жүйесімен жұмыс істейді. Сәйкесінше үнемі тоққа қосулы тұрады. Ал оған арналған арнайы тоқ реттегіш құрылғы болу керек. 

"Тұрғындардың өзінің өрт қауіпсіздігін сақтамау себебінен болады. Сондай ақ электр сымдарының ескіруі, электр құрал-жабдықтарының бір розеткада бірнешеуін бір мезгілде қолдану. Сапасы төмен электр құрылғыларын пайдалану", - деді "Алатау Жарық" компаниясының Техникалық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Ғани Манасұлы. 

Қарапайым тұрмыста тоңазытқыш пен кір жуғыш машинасына да арнайы қуатты ұзартқыш қою керек, өйткені бұл құралдар сапалы сымдарға қосылуы тиіс. Ал мамандар ең қауіпті тұйықталу ол үздіксіз қосулы тұрған техникалардан деп отыр.

"Біріншіден тоқты суырған кезде удлинительдің вилкасынан ұстап тарта салмау керек. Өйткені бұны тартқан кезде вилканың артқы сымының контактысы кетіп қалады. Ол контакт кеткен соң сым қызып тұйықталу пайда болады", - деді "Алатау Жарық" компаниясының бас маманы Данияр Жұманов.

Розеткалардағы тоқ оқшаулағыш, артық кем тоқты реттеп, тек керек мөлшерді өткізіп отырады. Сол себепті электр жүйесін жаңарту барысында, барынша қауіпсізін таңдаңыз. Қазір техника дамыған уақытта розеткалардың да түр-түрі барын білеміз. Сондықтан оны таңдауда маман иесіне жүгінгеніңіз абзал. 

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында әйел мен оның төрт баласының көз жұмғаны айтылған еді. 




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.02.2021, 17:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты
    28 Наурыз, 21:45
    Алматы жабыла ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30