Мәселе

Қазақстандық қыздар Бахрейн, Түркия, БАӘ-де жеңіл жүріспен айналысуға мәжбүр болған

  • Қазақстандық қыздар Бахрейн, Түркия, БАӘ-де жеңіл жүріспен айналысуға мәжбүр болған

    Қазақстандық қыздар Бахрейн, Түркия, БАӘ-де жеңіл жүріспен айналысуға мәжбүр болған

Бүгінде қыздарды жеңіл жүріске итермелеген қылмыстық топ ұсталып, олардан зардап шеккен 39 азаматша елге оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі таңда адам саудасы қылмысына қатысты ішкі істер органы қызметкерлері 133 қылмыстық істі тергеп жатыр. Оның ішінде 48 адам қылмыстық жауапқа тартылуда. Қылмыстық іс бойынша біздің азаматтар Бахрейн корольдігінде жезөкшелікпен айналысуға тартылған. Аталған іс бойынша ҚР ішкі істер органдары, Интерпол, Прокуратура және Бахрейн корольдігі мен Ресейдің құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыс істеді. Анықталғандай 2016-2020 жылдары қылмыстық топ біздің елімізде қыздарды жеңіл жүріске итермелеген және ол үшін Бахрейн корольдігіне жіберген", - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 
Оның айтуынша, бүгінде зардап шеккен 39 адам анықталды. Олар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары. 

"Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша 19 күдікті анықталып, үшеуіне іздеу салынды. Одан бөлек, соңғы екі апта көлемінде заңсыз қылмыстық бизнеске тартылған 6 Қазақстан азаматының мекені анықталды. Ішкі істер органдары мен Бас прокуратураның бірлескен әрекетінің нәтижесінде жеңіл жүріске салынған қыздар Бахрейн корольдігі, Түркия және БАӘ-нен елге оралды. Сонымен қатар трансұлттық қылмыстық топтық ұйымын құрғаны және жетекшілік еткені үшін қосымша қылмыстық іс қозғалды. Жақын уақытта қылмыстық тергеу аяқталып, іс сотқа жіберіледі", - деді ол. 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 12:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31