Мәселе

Қазақстандық полицияның оң имиджін қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда

  • Фото автордан

    Фото автордан

Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсынуымен Алматы  Академиясының бастығы, полиция полковнигі Айдар Сайтбеков Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаевпен аталған студияда алда қолға алынатын Ішкі істер органдары қызметкерлері жайлы жобалар төңірегінде пікір алмасып, өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

 

 

Болашақ фильм ел қауіпсіздігі үшін басын қатерге тігіп жүргендер мен тәуелсіз еліміздің полициясының абыройын көтеруге, жағымды имиджін қалыптастыруға арналмақ.

 

Кино-идеология құралы. Мұны екі тарап та түсініп, қолдау көрсетуге ынталы екендерін білдірді.

 

Осы мәселеге байланысты "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев өздерінің әріптестікке дайын екенін, қазақстандық полиция имиджін көтеруге кино мамандарының да мүдделі екенін жеткізді.

 

 

 

Болашақта  Академияда оқып, білім алып жүрген курсанттардың өмірінен курсанттық өмірден генералдық жетістікке жеткен қәзіргі таңдағы үлгілі қызметкерлер, қызметте ерлік көрсеткен, өмірлерін ерлікпен қиған қызметкерлер жайында, сондай-ақ курсант тыңдаушылардың өмірінен комедия жанрында фильмдер түсіру туралы әңгіме өрбітті.

 

-Бізде полиция жұмысын жағымсыз жағынан көрсету тенденциясы басым,-деді А.Сайтбеков,

 

-Ал, шындығында күн сайын тәртіп сақшылары өмірлерін қатерге тігіп, ерлік көрсетіп жатады. Тіпті, табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұрып, ақтүтек боранда жүргізушілерді аман алып шыққан инспектордың ерлігін осы қыста естідіңіздер ғой. Ал,сондай ерлік жасаған тағы да ондаған полиция өкілдері болды. Олардың барлығын бірдей ел біліп жатқан жоқ. Басқа да салаларда айқайлатпай жасалып жатқан батырлық жетеді. Осының барлығы кино шеберлерінің қолымен көрерменге жетсе дейміз.

 

 

   Екі жақтың талқылауынан кейін ІІО ның қызметінде оң имидж танытатын жобалардың жанры анықталып, қаржы көздері қарастырылатын болды. Аталған мемерандум үлкен жобалаларға басталған баспалдақ екені сөзсіз.




Көрілген: 589    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 17:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31