Мәселе

Қазақстандық психологтар педофилдердің ұқсас белгілерін анықтады

  • © Sputnik / Максим Блинов

    © Sputnik / Максим Блинов

Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің психолог мамандары педофилдерге тән белгілердің біршама ұқсастығын айқындауға тырысты, деп хабарлады Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қарағанды облысындағы түрмелерде балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен екі жүзге жуық азамат жазасын өтеп жатыр.

 

Педофилдің белгілерін анықтау үшін психологтар сотталғандармен сұқбаттасып, олардың өмірбаянымен танысты және түрлі зерттеу жүргізді.

 

Сонымен, педофилия үшін сотталғандардың негізгі белгілері:

 

* орташа жасы &ndash 32,5 жас (ең жас сотталған азаматтың жасы 17-де, ал ең ересегі 59-да);

 

* көбісінің өз балалары бар;

 

* 75%-і бұрын сотты болмаған;

 

* толық отбасында өскен;

 

* отбасында жалғыз бала болған;

 

* жұмысшы мамандығына оқыған;

 

* зиянды әдеттері бар;

 

* заңды некеге тұрмаған;

 

* флегматиктер немесе меланхоликтер;

 

* астениктер (бойы ұзын және арық);

 

* бала кезінде психологиялық зақым келген.

 

Сонымен қатар мынандай заңдылықты анықтау мүмкін болды: кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық көп жағдайда сәуір және мамыр айында, өте сирек жағдайда ақпан айында жасалады.

 

 

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 1399    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30