Мәселе

Қазақстандық студент қыз Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапты

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қаласының 20 жастағы тұрғыны Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапты. Ресми нұсқа бойынша, ол өз-өзіне қол салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сандира Серікханова Чанчжоу қаласындағы Jiangsu University of Technology үшінші курста оқыған.


"Ол өз күшімен грантқа түсті, қытай тілін жарты жыл ішінде үйренді. Өте сабырлы қыз болды, ақша тауып та үлгеретін. Осы жылдың басында Қазақстаннан келген басқа қызбен танысты. Ол әлдеқайда үлкен және, біздің пайымдауымызша олардың мінезе екі басқа болған. Анам Сандирадан олардың ортақ немен айналысатынын, неге араласып жүргенін бірнеше рет сұрады", - дейді қыздың тәтесі Альнура Ағаева.


26 сәуірде күндізгі уақытта ол өзінің жаңа танысымен және оның Шымкент пен Алматыдан келген екі жолдасымен кафеге барған.


"Олар шамамен 21-22 жаста. Кейінірек Instagram-нан Сандираның хат алмасуынан біз олардың осы кездесуге бірнеше күн бойы сұранғанын білдік. Алдымен бәрі жақсы болды. Содан кейін осы жігіттердің бірі қызымызды өз пәтерінен бірдеңе алып кетуге көмектесуді сұрады. Ол, шамасы, ештеңе ойламастан келіскен. Бұл үйде тек лифтте бейнебақылау бар. Сол жерде ол алдымен лифтке кіруге қаймыққаны көрінеді, содан кейін жігіт оны көндірген. Одан әрі не болғанын біз оның сөзінен ғана білеміз. Олар 17-ші қабатқа көтеріліп, оның пәтеріне кірген. Пәтерден шыққан кезде қыздың жылағанын көруге болады, бірақ неге екенін, ол түсіндіре алмайды. Шок алып, есінде ештеңе қалмағанын айтады. Содан кейін ол лифтке барды, қыз артта қалды. Кенеттен айғайлаған дауыстар естіген, ол баспалдақ аралығындағы балконға жүгіріп, төменгі қабаттан бірінші кроссовканы, содан кейін 7-ші қабаттағы сауда орталығының шатырында қызды көрген", - деп жалғастырды Альнура әңгімесін.


Қыздың әкесі сол күні Қытайға ұшып кеткен.


"Істі қытайлық полицейлер тергеп жатыр. Олардың айтуынша, бұл суицид. Бірақ қыздың мұндай әрекетке баруына ешқандай жағдай болған емес. Ол күніне бірнеше рет анасымен хат алмасатын. Ал 30 маусымда каникулға келіп, кішкентай інілері мен сіңлілеріне сыйлықтар сатып алғанын айтқан. Өзін, әдеттегідей ұстаған, емтиханға дайындалып жүрді. Сол жерде әкеме алдын ала дайындалған сценарий бойынша жауап берді. Оның бойы ұзын, шамамен бір метр сексен сантиметр. Сол сүйеніш иыққа жетеді. Ал Сандираның бойы ары кетсе бір метр алпыс сантиметр болатын. Оның бойы сүйенішке жетпейтін. Оған қоса, секіру үшін жоғарыға өрмелеуі керек болған. Бірақ ол жерде ешқандай саусақ іздері жоқ", - дейді Сандираның тәтесі.


Қаза тапқан қыздың денесі 2 мамырда Нұр-сұлтанға жеткізілді, жерлеу рәсімі келесі күні өтті. Оның туыстары әлі күнге дейін тергеу қандай кезеңде екенін білмейді.


"Сыртқы істер министрлігінде тергеу жалғасып жатқанын, ал университеттегі кураторы 5 маусымда тергеудің аяқталғанын жазады. Қолымызда тек қайтыс болғаны туралы куәлік бар, бізге сот-медициналық сараптаманың қорытындысын да, оқиға орнынан фото немесе бейне берген жоқ. Сол жігіттер мен қыздар бізді барлық әлеуметтік желілерде бұғаттап, байланысты үзді, Қазақстанға демалысқа қайтып келмеді. Біздің құқық қорғау органдары да бізбен байланысқа шыққан жоқ, тіпті көңіл айтпады да", - деп қорытындылады ол.


ҚР СІМ өкілдері қазақстандық қыздың қайтыс болғанын растады, алайда қандайда бір нақты мәліметті кейінірек беруге уәде берді.


 




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.07.2019, 17:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31