Мәселе

Қазақстандық телеарналар Елдос Сметовтің қола жүлдесін неге көрсетпегенін айтты

  • Қазақстандық телеарналар Елдос Сметовтің қола жүлдесін неге көрсетпегенін айтты

    Қазақстандық телеарналар Елдос Сметовтің қола жүлдесін неге көрсетпегенін айтты

Qazaqstan телеарнасы Токио Олимпиадасының бүгінгі көрсетілімінде неге қазақстандық спортшылардың жарысы қамтылмағанын түсіндіріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті көрермендер! Токиодағы Олимпиада ойындарын көрсету құқығы жарыстардың басында алынғандықтан, спорттық сындардан тікелей көрсетілім ұйымдастыруда белгілі бір қиындықтар бар. Құқықты сатып алмай тұрып сигналды қабылдайтын жабдықты тексеру және сынақтан өткізу мүмкін емес. Сондықтан телеарналардың алдын-ала дайындалуға мүмкіндігі болмады. Техникалық ақаулардың пайда болу қаупін ескерсек те, бүгінгі Олимпиада бағдарламасы хабар тарату кестесіне енгізілген болатын. Алайда біздің отандастарымыздың кейбір жарыстарын жанкүйерлер тікелей эфирде көре алмады", - делінген мәлімдемеде.

Арнаның ресми мәліметі бойынша ел аумағында Токиодан тікелей көрсетілім ұйымдастыратын "Хабар" және Ұлттық арна мамандары қазір аталған кемшілікті жоюға кірісіп кеткен. Бұл жұмыстар 3 күнге дейін созылуы да мүмкін.

"Қазақстан" ТРК АҚ және "Хабар" Агенттігі" АҚ қызметкерлері кемшіліктерді түзету үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануға тырысып жатыр. Сынақ режимінде сигнал алу бір-екі күнге созылуы мүмкін екенін еске саламыз. Егер мәселе ертерек шешілсе, ол туралы ресми парақшаларымыз арқылы хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Елдос Сметов Қазақстанға Токио Олимпиадасының алғашқы жүлдесін әкелді.

Stan.kz




Көрілген: 2193    Пікірлер: 0

сенбі, 24.07.2021, 22:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30