Мәселе

Қазақстандық туристер шетелде ұятқа қалды

  • © AFP 2019 / KARIM SAHIB

    © AFP 2019 / KARIM SAHIB

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қонақүйлердің бірінде қазақстандық туристер алкогольді ішімдік ішіп, төбелес шығарды. Бұл туралы Қазақстанның Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі бас консулдығы Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.


Оқиға орнына шұғыл жеткен жергілікті полицейлер ішімдік ішіп, төбелес шығарғаны үшін қазақстандық туристерге қатысты іс қозғаған. Тараптардың мәмілеге келуіне байланысты бірінші іс тоқтатылды. Алайда ішімдік ішу дерегіне қатысты іс сотқа жіберілген. Салдарынан қазақстандық демалушыларға қомақты айыппұл салынды.


Осы орайда Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бас консулдығы барлық туристке жергілікті жердің заңымен танысып, оны сақтауға кеңес береді.


Бүгінде БАЭ туристер көп келетін мемлекеттің қатарында. Күн сайын бұл мемлекетке әлемнің барлық елінен мыңдаған турист келеді. Консулдықтың статистикасына сүйенсек, туристер көбінесе ішімдік ішу салдарынан жауапқа тартылады.


Жергілікті заңға сәйкес, алкогольді ішімдіктерді тек лицензия арқылы ғана тұтынуға рұқсат беріледі. Алайда іс жүзінде қонақ үйлер мен мейрамханалардың басым бөлігінде алкоголь ашық сатылады.


Біріккен Араб Әмірліктерінде жеңіл күйде мас болу да қоғамдық тәртіпті бұзудың бір бөлігі болып саналады.


 


sputnik

 




Көрілген: 737    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 13:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31