Мәселе

Қазақстандықтар Clubhouse әлеуметтік желісіне "шақырту" сата бастады

  • Фото ©REUTERS

    Фото ©REUTERS

Қазақстандықтар танымалдыққа жылдам ие болған Clubhouse жаңа әлеуметтік желісіне шақырту сата бастады. Бір шақырту бағасы 25 мың теңгеге дейін жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қазақстандықтар әлемдік жұлдыздармен сөйлесуге мүмкіндік беретін жаңа Clubhouse жабық әлеуметтік желісіне шақырту сататынын жазып жатыр. Хабарландырулар OLX жарнама сайтында пайда болды. Бір шақырту бағасы 1000 теңгеден 25 000 теңгеге дейін.

 

 

Қосымшаға бірден кіру мүмкін емес. Clubhouse-қа тіркелгеннен кейін сіз әлеуметтік желінің басқа мүшесінен шақырту алуыңыз қажет. Шақыртуды алғаннан кейін Clubhouse пайдаланушысы бағдарламаға тағы екі адамды шақыруға мүмкіндік алады. Бағдарлама сипаттамасында әлеуметтік желі әлі де даму сатысында екені және жаппай жаңа пайдаланушыларды қабылдауға дайын еместігі жазылған.

 

Айта кетейік, Google-дың бұрынғы қызметкерлері жасаған жаңа Clubhouse әлеуметтік желісі жылдам танымалдыққа ие болып келеді. Әлеуметтік желі App Store-дан жүктелген қосымшалар арасында бірінші орынға ие болды. Clubhouse - тек аудио хабарламаларға арналған әлеуметтік қосымша. Бағдарламада танымал спикерлерге тікелей сұрақ қою мүмкіндігі бар. Сонысымен тыңдаушылар қызығушылығын тударады. Әзірге бағдарлама тек iPhone пайдаланушыларына қол жетімді.

 

АҚШ-та да әлеуметтік желіге шақыртулар сатылып жатыр. Бағасы 20 доллардан 800 долларға дейін.

 

 

 




Көрілген: 2324    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 20:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30