Мәселе

Қазақстандықтар WhatsApp-тың "жаңа" ережелеріне алаңдаушылық білдірді

  • https://ria.ru/

    https://ria.ru/

Қазақстандықтар желіде WhatsApp-тың "жаңа ережелері" туралы жаңалықты жаппай таратуда. Онда бұдан былай мессенджердегі барлық жеке хат-хабарлар мен пайдаланушылардың жеке мәліметтеріне үшінші тұлғалар қол жеткізе алатыны, қоңыраулар жазылатыны айтылған.

 

StopFake сайтының жазуынша, 2020 жылғы желтоқсанда WhatsApp деректерді өңдеудегі өзгерістер туралы мәлімдеме жасаған.

 

Бірақ онда қолданушылардың жеке ақпаратын үшінші тұлғаларға беру қарастырылмаған.

 

Дегенмен, пайдаланушылар жаңа ережелерді қабылдауға қатысты алаңдаушылық танытқан. Өйткені, келіспегендер мессенджерде бұғатталатын болған. 

 

Бұған адамдар наразылық білдіріп, қосымшаны пайдаланудан жаппай бас тартқан. Нәтижесінде WhatsApp тиесілі Facebook әкімшілігі жаңашылдықты енгізуді кейінге қалдырған.

 

WhatsApp блогындағы ақпаратқа сәйкес, 8 ақпанда, бұрын хабарланғандай, келіспеген пайдаланушылардың аккаунттары бұғатталмайды.

 

"Біз WhatsApp-тағы құпиялылық пен қауіпсіз қатынас қағидалары туралы шындыққа жанаспайтын қауесеттерді жою үшін белсенді жұмыс істейміз. Содан кейін компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер пайда бола бастаған кезде пайдаланушыларымызға біртіндеп 15 мамырға дейін жаңа саясатпен танысуды ұсынамыз", &ndash делінген хабарламада.

 

Қорыта айтқанда, үшінші тарап WhatsApp қолданушыларының жеке хат-хабарларына заңды түрде қолжеткізе алатындығы туралы хабарламалар жалған деп жазады басылым.

 

Еске салсақ, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған WhatsApp мессенджерін пайдаланудан бас тартқан еді.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1545    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 08:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31