Мәселе

Қазақстандықтар әлеуметтік төлемдерді кез келген ХҚО-дан рәсімдей алады

  • http://ekaraganda.kz/

    http://ekaraganda.kz/

2021 жылдың үшінші тоқсанында әлеуметтік төлемдердің үш түрін рәсімдеу үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің экстерриториалды қағидаты енгізілетін болады. Қазақстандықтар тұрақты тіркеу мекенжайына қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-на жүгіне алады.

 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов айтты.

 

Қазір тұрақты тіркеу жеріне қарасты ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты талабының бірі.

 

«Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін цифрландыру бағыттарының бірі – аумақтан тыс қағидатты енгізу. Үшінші тоқсанда осы принциптің арқасында қазақстандықтар баланың туылуына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, жүктілік пен босануға, жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты кірістерін жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға өтініш бере алады және бір жасқа толған кезде баланы күтуге байланысты табысы жоғалған жағдайда, тіркеу орнына қарамастан, елдің кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына құжат өткізе алады. Жыл соңына қарай біз басқа төлемдер бойынша да экстерриториалды қағидатты енгізуді жоспарлап отырмыз», – деді Біржан Жүнісов.

 

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік салада 815 мың Мемлекеттік қызмет көрсетті.

 

Жалпы мемлекеттік корпорация төлемдердің 44 түрі бойынша электрондық іс макеттерін қалыптастырады және міндетті зейнетақы, әлеуметтік және медициналық аударымдар бойынша дербестендірілген есеп жүргізеді.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 662    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.07.2021, 17:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30