Мәселе

Қазақстандықтар бұдан былай жеке куәлікті өзімен бірге алып жүрмесе де болады

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстандықтарға eGov mobile қосымшасында жеке куәлікті электронды түрде көрсетуге мүмкіндік беретін қызмет іске қосылды.


Қосымшадағы мұндай функцияны "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясының мамандары әзірледі. Құжат қазірдің өзінде Android және iOS жүйелеріндегі барлық eGov mobile қолданушылары үшін қолжетімді.


"Егер сізде жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы болмаса, оны электронды түрде ұсына аласыз. Енді құжаттарды рәсімдеу кезінде, мысалы, нотариуске барғанда eGov mobile қосымшасында өзіңіздің электронды жеке куәлігіңізді көрсетуіңіз қажет. Осыдан кейін сізге QR-кодын қолдану арқылы рұқсат беру функциясы ұсынылады. Нотариус осылайша сіздің құжатыңыздың түпнұсқа екендігіне оңай көз жеткізеді", - деп жазды компания өкілдері Facebook-тегі парақшасында.



eGov mobile қолданушыларына тағы қандай құжаттар қолжетімді


Әзірлеушілердің айтуынша, eGov mobile қосымшасы жұмысқа, салық органдарына, елшіліктерге және басқа да ведомстволарға ұсынуға қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға мүмкіндік береді. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.


Авторизация жасау үшін электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы және ұялы телефонның нөмірі eGov порталындағы жеке кабинетте тіркелуі қажет. Осыдан кейін мобильді қосымшаны жүктеуге болады:


сотталмағаны туралы анықтама;

жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;

аты, тегі, әкесінің аты өзгергені туралы анықтама;

неке қию немесе ажырасу туралы анықтамалар;

туу туралы анықтама;

зейнетақы қорынан көшірме және тағы басқалар.


 sputnik




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 12:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30