Мәселе

Қазақстандықтар жиі қолданатын сұйықтықтың ішінен у табылды – тергеу басталды

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Өскеменде жүздеген литр шыны жуатын сұйықтықтың құрамынан "метанол" деген улы зат табылды, деп хабарлады "Устинка LIVE".

 

Қазақстанның автохимия өндірушілері мен тұтынушылары қауымдастығы тауарды сатып алып, "ОйлсертИнтернейшил" ЖШС-іне сараптамаға берген. Оған сәйкес, шыны жуатын сұйықтықтың құрамында 5,09% метанол болған. Ал кристалдану температурасы минус 15 градусты құрады. Сараптаманың қорытындысы бойынша сұйықтықтың құрамындағы метанолдың мөлшері ұлттық стандарттарда бекітілген нормадан 100 есеге артып кеткен. Осыдан кейін қауымдастық өкілдері полицияға арыз жазды.

 

"Қазақстан үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы қаулысына сәйкес, метил спирті улы заттардың тізіміне кіреді. Өскемен қаласының мамандырылған тергеу сотының шешімімен дүкен иесі мен қызметкерлеріне қатысты тергеу шаралары атқарылды", - дейді тәртіп сақшылары. 

 

Осылайша, дүкен мен қойманы тінту кезінде шыны жуатын сұйықтықтың 484 данасы тәркіленді. 

 

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 301-бабы, 1-бөлігі "Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы" бойынша сотқа дейнгі тергеу шаралары басталды", - деп атап өтті полицейлер. 

 

Айта кетейік, бұл бап бойынша бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 3476    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 20:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31