Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

18 сәуір 2022, 00:47

Қазақстандықтар 2022 жылдың мамырын 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күнін атап өтеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

1 мамыр жексенбіге келгендіктен, тағы бір демалыс күні ретінде 2 мамыр қосылады.

 

Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр сенбіге келеді, сондықтан тағы бір демалыс күні 10 мамырға ауысады.

 

Ал қазақстандықтар 9 мамыр - Жеңіс күнінде бірден төрт күн, яғни 7-10 мамыр аралығында демалады.

 

Осылайша, демалыс күндерінің жалпы саны мамырда бес күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, алты күндік жұмыс аптасы үшін сегіз күн болады.