Мәселе

Қазақстандықтар тегін қосымша арқылы өзгерте алады

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

"Электрондық үкімет" порталының MGov қосымшасында 12 қосымша қызмет іске қосылды, - деп хабарлайды   Тengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Енді мобильді қосымшаның көмегімен азаматтар Наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерден анықтамалар ала алады.


Сондай-ақ, некеге тұру туралы қайталама куәлікке өтініш беру, әке болуды анықтау туралы қайталама куәлікке өтініш беру, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру және некені бұзу туралы қайталама куәлікке өтініш беру мүмкіндігі пайда болды.


Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, Е-Биржа (электрондық еңбек биржасы), мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру (тек Android үшін), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру (тек Android үшін) қызмет түрлері енгізілді.



Жоғарыда көрсетілген қызметтерді ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою арқылы немесе бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады (ол үшін Мобильдік азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет).


"Электрондық үкімет" мобильдік қосымшасын пайдаланып жүрген азаматтарға жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу үшін mGov жаңарту жеткілікті.


Бүгінде eGov.kz порталының мобильдік қосымшасы арқылы 62 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді.


Осылайша, барлық танымал анықтамалар iOS және Android платформасында гаджеттер әуесқойлары үшін аударылған.


Сондай-ақ, iOS және Android платформаларында жоғарыда көрсетілген мобильді қосымша 1,38 миллион еседен астам жүктелгенін атап өткен жөн, ал көрсетілген қызметтер саны 3,66 миллионнан асты.


 




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.01.2019, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30